Жаңалықтар 05.02.2021 сағат 18:20

«Жабайы туризмді тоқтатпасақ Бозжыраның табиғи қалпын сақтай алмаймыз» - эколог

Омар Сәрсенғазиевтың мәліметінше, қазір Жабайұшқанды мекендейтін арқарлардың саны 1000-ға жуықтайды.
«Жабайы туризмді тоқтатпасақ Бозжыраның табиғи қалпын сақтай алмаймыз» - эколог
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Маңғыстауда «Визит орталығы» жұмыс жобасының «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» бөлімі бойынша ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдау өтті. Онда қоғам белсенділері мен экологтар «Бозжыра» шатқалынан 4 шақырым қашықтықтағы «Жабайұшқан» қаумалының сыртында салынатын қонақ үй кешенінің қоршаған ортаға әсерін бағалау жайында пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Омар Сарсенғазиевтің айтуынша, жабайы туризмді тоқтатпасақ Бозжыраның табиғи қалпын сақтай алмаймыз.
«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2012 жылы ашылды. Сол кезден бастап, «Бозжыра» шатқалына келушілер қатары көбейе бастады. Мен өзім инспектор болып бастадым. Кейін аңтанушы болдым. Сол кездерде біздің көргеніміз күн ыстық уақытта, вагондардың қасында біз құйып қойған суларды ішеді. Бүгінгі таңда парктің қызметкерлері арқарлармен суретке де түсіп жүр. Әрине дәл қасынан болмаса да жақын қашықтықта суретке түсуге болады. Демек, арқарларды шошытатын әрекет жасалмаса, олар адамдардан қашпайды», - деді ол. 

Омар Сәрсенғазиевтың мәліметінше, қазір Жабайұшқанды мекендейтін арқарлардың саны 1000-ға жуықтайды. Мамандар дала жануарларының санын есептеуде екі тәсілді қолданады. 

«Оның бірі – авиация арқылы болса, екіншісі көлік арқылы санақ жүргізіледі. Тікұшақпен жүргізілген санақ 90 пайызға дейін нақты көрсеткіш бере алады. Мәселен, 2016 жылы арқарлар саны 700 шамасында болса, 2020 жылы мыңға жуықтаған. Арқарлар таудың үстіне жайылады. Себебі таудың үстінде шөп бар. Олар қарабұталардың гүлдерін жейді. Бұл жерлер арқарлардың төлдейтін жері болып есептелмейді. Олар тастың үстінде төлдемейді. Арқарлар адам аяғы жетпейтін жерлерге төлдейді. Негізінен арқарлар қырдың үстінде жайылады. Егер адамдар арқарларға тимесе, олар жайылатын жерлерде мылтық атылмаса, жануарларды үркітпесе арқарлар адамдардан қашпайды», - деді ол. 

Бұдан бөлек экологтардың бағалауынша, «Бозжыра» шатқалында жол талғамайтын көліктердің ретсіз, асфальт жолсыз жүруінің салдарынан, 750 гектарға жуық жер бүлінген. Бұл тек соңғы үш жылда ғана. Сондықтан бір ғана асфальтталған жолдың құрылысы қонақ үйдің орналасуы үшін өте қажет.

«Туристердің Бозжыра шатқалына, оның ішінде жол талғамайтын көліктердің есепсіз, ретсіз келуіне байланысты табиғи топырақ жамылғысы нашарлаған. Қара жерде автомобильдерден көтерілген шаң өсімдіктерге қонады. Осылайша, жануарлардың популяциясына зиянды әсер етеді. Мысалы, дала кеміргіштерінің популяциясына кері әсерін тигізеді. Сондықтан  Бозжыраны сақтаудың жолы - мәдениетті туризмді дамыту», -деді Омар Сәрсенғазиев. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар