Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры болып тағайындалды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Facebook парақшасында жазды.
«Бір сағат бұрын Республикалық комиссияның шешімімен ұлттық университеттің екі ректоры тағайындалды. ҚазҰУ-ге – Түймебаев, ЕҰУ-ге – Сыдықов», – деп жазды Әбенов.
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы әр жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс және Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997); Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас консулы (Стамбұл қ-сы) (1999); Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004); Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (31.03.2004-01.02.2006); Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі (01.02.2006-10.01.2007); Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (10.2010 бастап); Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011 бастап), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі (07.10.2016) Түркістан облысы әкімі (20.06.2018), сондай-ақ осыған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — хатшылық меңгерушісі қызметін атқарды.