Жаңалықтар 06.02.2021 сағат 20:15

«Назарбаевтар әулетімен туыстығымның бизнесіме қатысы жоқ» - Қайрат Боранбаев

«Боранбаев бизнес пен отбасылық байланысты «араластырмауы керек еді», - дегенді айтқан.
«Назарбаевтар әулетімен туыстығымның бизнесіме қатысы жоқ» - Қайрат Боранбаев
Фото: rbk.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандағы ең бай әрі ықпалды бизнесмендердің бірі Қайрат Боранбаев бақылауындағы Қарағанды фармацевтикалық кешенінде дайындалатын ресейлік «Спутник V» екпесі туралы мақалаға байланысты Азаттыққа телефон шалған, деп хабарлайды ORDA.KZ.

«Ол елдегі ең ықпалды отбасына жақындығы бизнесіне әсер етпейтінін айтып, сендіруге тырысты» деп жазды басылым. Қайрат Боранбаев Азаттық тілшісіне «Спутник V» екпесінен ешқандай пайда көрмейтінін айтқан.

Аталған мақалада Қазақстан бюджетінен коронавирусқа қарсы екпеге бөлінген қаржының бір бөлігі – экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы Боранбаев бақылайтын Қарағанды фармацевтикалық кешеніне түсетіні жазылған.

Боранбаев телефон әңгімесі кезінде тілшіге «Спутник V» екпесі (Қазақстан бойынша КВИ-ге қарсы қолданылатын жалғыз вакцина) өндірісінен қандай да бір табыс табуды көздемейтінін айтты. Сөзінше, екпе шығару – шығыны көп іс.

Боранбаевтың сөзінше, нақты шығынды атау қиын, себебі «зауыт жұмысын жалғастырып жатыр», ал ресейлік екпені дайындау «зауыттың ішкі шығынына кіреді» екен.

«Мен жалған жазғанды ұнатпаймын» деген Боранбаев Азаттық сайты мен желідегі парақшаларына шыққан «Covid екпесі: мемлекеттік келісімді Дариға Назарбаеваның құдасы алған ба?» деген видеоның сілтемесін жолдаған. Боранбаев Азаттыққа бизнес пен отбасылық байланысты «араластырмауы керек еді» дегенді айтқан.

Қарағанды фармкешенінің ресми сайтының дерегі бойынша, компания құрылғалы 50 миллион доллар инвестиция болған. Деректерге сай, компанияның былтырғы табысы 28 миллион доллар болған, кешен 860 мың доллар салық төлеген.

Қазақстандық Forbes журналы Боранбаевтың байлығын 519 млн доллар деп бағалайды. Ол фармацевтикалық компаниядан бөлек фитнес орындарын, сауда-ойын сауық орталығын, McDonald’s желісінің Қазақстандағы франчайзиін иеленіп отыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар