$ 447.4  477.55  4.76

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

«Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 7-8 ақпанда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында> жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

7-8 ақпанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында> оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с, күндіз 7 ақпанда 30 м/с жетеді.

7-8 ақпанда Павлодар облысында> оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 23-28 м/с, 8 ақпанда кей уақыттарда 30 м/с артады.

7 ақпанда Қостанай облысында> оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с жетеді.

8 ақпанда Қарағанды облысында>, 8-9 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында> оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасының 2 градус аяз – 3 градус жылыдан 10-18 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
Нұр-Сұлтан қ>аласында> 7-8 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 7 ақпанда 23 м/с артады.

7 ақпанда Ақтөбе облысында> қар жауады. Кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с. Ауа температурасының 3 градус аяз-2 градус жылыдан 12-17 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Ақтөбе қ: 7 ақпанда қар жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с. Ауа температурасының 1 градус аяз-1 градус жылыдан 14-16 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

7 ақпанда Батыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

7 ақпанда күндіз Қызылорда облысының> кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с сақталады.

7 ақпанда Маңғыстау облысының> кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с артады.

7 ақпанда Атырау облысының> кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, батыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары