$ 447.4  477.55  4.76

7 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

7 ақпан күні Қазақстанның барлық аумағында құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші уақытта 30 м/с артуы ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 23-28 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Түнде және таңертең желдің екпіні 23-28 м/с артады.

Жамбыл облысында көктайғақ күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді. Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болады. желдің күші 15-20 м/с артады.

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ болжанады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары