$ 443.85  474.3  4.8

COVID-19: «Бағдаршамның» тізімі өзгерді

«Сары» аймақта: Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.
Фото: Азаттық рухы
Фото: Азаттық рухы

Денсаулық сақтау министрлігі 8 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

8 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы мен бір қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Шығыс Қазақстан бүгін «жасыл» аймаққа шықты. Сондай-ақ қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары