Денсаулық сақтау министрлігі 8 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
8 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы мен бір қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы.
«Сары» аймақта: Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.
Шығыс Қазақстан бүгін «жасыл» аймаққа шықты. Сондай-ақ қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.