09.02.2021, 09:40

«Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі» – Тоқаев

фото: sputnik.kz
Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той", - деді президент Twitter-дегі парақшасында