Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шенеуніктердің неге пара алатынын түсіндірді, деп хабарлады paryz.kz.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік кірістер қызметкерлерінің жалақысы төмен, әлеуметтік қорғалмаған және жоғары жауапкершілікке байланысты сыбайлас жемқорлыққа бейім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Жамаубаев осындай қорытынды шығарған.
Министр атап өткендей, мұндай жағдай тәжірибелі қызметкерлердің жеке секторға кетуіне әкеп соғады.
"Базалық жалақыға үстемақымен сыныптық шендерді және бірыңғай нысанды киім-кешекті енгізу ұсынылады. Аталған шаралар жоғары білікті кадрлар мен сабақтастықты сақтауға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ, мемлекеттік кіріс органдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді", - деді ол.