$ 498.34  519.72  4.85

Дубайдан ұшып келген 4 жолаушыдан коронавирус расталды

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

8 ақпанда Қазақстан аумағына Мальдив, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь және Қырғызстан елдерінен 9 халықаралық әуе рейсімен 1 252 жолаушы келді. Олардың ішінде 1060 адамда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 192 жолаушыда тиісті анықтама болмаған. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

  • Алматы әуежайына – 5 рейс (800 жолаушы, анықтамамен - 626, анықтамасыз – 174);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 2 рейс (310 жолаушы, анықтамамен - 295; анықтамасыз – 15);
  • Ақтау әуежайына – 1 рейс (135 жолаушы, анықтамамен - 132; анықтамасыз – 3);
  • Қарағанды әуежайына – 1 рейс (барлық 7 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 7 ақпанда Қазақстанға ПТР-анықтамасыз келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды. Олардың бәрі Нұр-Сұлтан әуежайына Дубай қаласынан ұшып келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус