Жаңалықтар 09.02.2021 сағат 17:40

Қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Күдіктілер автокөлікті алдын ала таңдап, бағдарды жоспарлап, негізінен, түнгі уақытта әрекетке көшкен.
Қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Павлодар облысында қымбат автокөліктерді ұрлады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.

Қылмыстық топтың құрамына Қарағанды облысының үш тұрғыны кірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер автокөлікті алдын ала таңдап, бағдарды жоспарлап, негізінен, түнгі уақытта әрекетке көшкен.

"Ұрланған көліктерді агрегаттық мәліметтерін өзгерту жолымен сатқан. Ал кейбірін бөлшектеп сатып жіберген. Павлодарлық жедел уәкілдер бұған дейін ұрланған жеті автокөлікті тапты: олардың арасында "Toyota Аvensis", "Toyota Land Cruiser Prado 120" бар", – деді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Қазіргі таңда ұсталғандар 10 факті бойынша айыпталып отыр. Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Барлық күдікті қамауға алынды.

Бұдан бөлек, ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және қатысқаны үшін күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1 және 2 тармағы бойынша да айып тағылды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар