$ 448.89  477.93  4.76

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Алты облыста дауылды ескерту жарияланды.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты 10 ақпан күні алты облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» мекемесі.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Петропавлда ертең батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с болады. Атырау қаласында түнде және таңертең 10 ақпанда жел оңтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Шымкентте ертең кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл облысында кей жерлерде қатты қар, жаяу бұрқасын болады. Тараз қаласында түнде және таңертең 10 ақпанда кей уақытта қатты қар жауады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары