$ 494.87  520.65  4.91

Министр QR код кімдерге берілетінін айтты

Түстерге бөлу әлеуметтік желілерде талқыланғандай, адамдардың өмірін «бақылауға» және «қадағалауға» арналмаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ashyq» қосымшасы 13 мыңнан астам бизнес субъектісінің қызметін қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері бүкіл әлемдегі бизнестің жұмысына шектеу қойылды, кәсіпкерлерге табыс кірмей қалды. Бұл біздің елге де қатысты. 13 мыңнан астам бизнес субъектісі әлі күнге дейін қызметін қайта бастай алмай отыр. «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен бизнес қауымдастық Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің (Гонконг, Сингапур, Малайзия) тәжірибесін ескере отырып, «АSHYQ» жобасын іске асыруды ұсынды», - деді министр ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

«Ashyq» мобильді қосымшасын «Атамекен» ҰКП, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша отандық IT-компания әзірлеген.

«Бүгінде пилоттық режимде «АSHYQ» қосымшасы Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында қызмет көрсетуге рұқсат етілген нысандарда (фитнес-орталық, спа-орталық, бассейн, монша, кинотеатрлар) іске қосылды. Қазір 40 нысан «Ashyq» пилотына ерікті түрде қатысуда», - дейді А.Цой.

«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-код арқылы және Денсаулық сақтау министрлігінің ортақ базасымен интеграциялау арқылы келушінің мәртебесін, оның вирус тасымалдаушысы емес екенін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ нысандардың келушілерді қабылдауға әзірлігін және олардың санитарлық талаптарға сәйкестігін көрсетеді.

«QR-код тек бизнес субъектілеріне беріледі. Келуші «Ashyq» мобильді қосымшасын өз телефонына жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациялаудан өтуі (ЖСН енгізуі) және мекеменің QR-кодын сканерлеуі қажет.

Түстерге бөлу әлеуметтік желілерде талқыланғандай, адамдардың өмірін «бақылауға» және «қадағалауға» арналмаған. Бұл науқасты анықтайды немесе адамның карантиндегі пациентпен жақын байланысы бары-жоғын көрсетеді.

«Аshyq» мобильді қосымшасын әркім өз еркімен қолданады және ол қауіпсіз орта қалыптастыруға, келушілерді вирус жұқтыру, індеттің таралу қаупінен қорғауға бағытталған, сондай-ақ бизнеске карантин кезінде қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары