Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары 57 мемлекетке Сирияда жүрген босқын азаматтарын елге қайтаруға шақырды. Мұның ішінде Қазақстан азаматтары да бар. Бұл жайлы Bugin.kz БҰҰ-ның баспасөз қызметіне сілтеме хабарлады.
"Сирияның Әл-Хол және Родж лагерінде жатқан босқындарды тез еліне қайтару керек. БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі 20 сарапшысы 57 мемлекеттің билігіне осылай деп өтініш айтты. Бұл лагерьде 64 мың адам бар. Оның ішінде, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Тәжікстан мен Өзбекстанның, Эстонияның азаматтары бар", - делінген баспасөз хабарламасында.
БҰҰ-ның дерегінше, Сириядағы аталмыш лагерьде жатқан азаматтар ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған) сынды лаңкестік ұйымдарға қатысы бар. Әл-Хол лагері – Сирия босқындарына арналған ең үлкен лагерь. Ондағы азаматтардың 80%-ы – балалар мен әйелдер.
"Лагерьде жүрген азаматтарға шектен тыс зорлық-зомбылық көрсетілуде. Сондықтан оларды құтқару қажет", - делінген хабарламада.