$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан деп өзгертілуін қолдады

Бұл сүйінші жаңалықты депутат Азат Перуашев телеграм арнасында мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы аудан етіп өзгертілуін қолдады, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл сүйінші жаңалықты депутат Азат Перуашев Telegram арнасында мәлімдеді. 

"Қалың қазақ елі, сүйінші! Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы аудан етіп өзгертілуін қолдады. Қала ауданы атауының өзгертілуі бекітілген арнайы процедураға негізделген. Қоғамдық тыңдаулардың өтуі, қала мәслихаты депутаттарының дауыс беруі және ономастикалық комиссияның арнайы жұмыстарының жүргізілуін қажет ететін күрделі және уақыт талап ететін іс екені барлығымызға белгілі. Өз уақытымен өтетін жұмыс, бастама болса жарияланды, негізгі бағыт белгіленді.

Бүгін бұл тарихи маңызы бар жаңалықты, облыс әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек мырза "Ақ жол" партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Абильдин Ермек Төлеуұлына өзінің жеке қабылдауында хабарлады.

Қарағанды қаласының белсенді азаматтарының жылдар бұрын көтеріп жүрген маңызды мәселесі ақырында оң шешімін тауып, Президентіміз Тоқаев мырза бұл шешімді қолдапты!

Алаш қайраткері, ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхан атамызға лайық ұлы сый, үлкен құрмет! Октябрь ауданы деген коммунистік жүйенің атының орнына Алаш Орда қайраткері есімінің дәл қазір берілуінде үлкен мән-мағына жатыр. Бұл - соңғы кездегі Егеменділігімізге, мемлекет тұрақтылығына қарсы кейбір сыртқы және ішкі күштерге уақытында берілген жауап. Мемлекетіміздің ұлттық мүддеге негізделген жаңа ішкі және сыртқы саясат жүргізе бастағанының дәлелі. Тәуелсіз еліміз, Қазақстан Республикамыз мәңгі жасасын!!!" деп жазды Перуашев Telegram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары