$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Қытай вакцинасын сатып алуы мүмкін

Вакцинаның жанама әрі өтпелі әсерлерін айтпағанда, денсаулығына еш әсері болмайды.
фото: pixabay. com
фото: pixabay. com

Коронавируспен күресте Қазақстан Қытай вакцинасын да сатып алуы мүмкін. Қазір келіссөз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ktk.kz.

Ал наурыз айының соңында қолданысқа шығуы тиіс отандық екпеге әлемнің ешбір елінен тапсырыс түспеген. Дегенмен мамандар шетелден бұрын, өз тұрғындарымызды вакцинамен қамтыған маңыздырақ деп отыр. 

 "Қазақстан вакцинасына әзірге тапсырыс түспеген. Тіпті өз еліміздегі тұрғындардың басым көпшілігін егу мәселесі тұрғанда, шетелге сату жағы қисынсыз. Оның үстіне шетелдіктерден тапсырыс түсе қалса, өндіріс қуатын арттыру мәселесі туады", - деді ҚР ДСМ Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі Жаннат Сатыбалдиева.

Әлемде Сovid-19-ға қарсы 200-ден астам вакцина түрі белгілі болса, соның тек алтауы ғана қазір қолданыста. Қазақстанды айтпағанда, әлем елдерінде де екпеге қарсы ақпарат шабуылы жүріп жатыр.

Министрліктің пайымынша, мұндай әрекеттер арнайы ұйымдардан әдейі қаржыландырылады. «Ал негізі вакциналаудың еш зияны жоқ» деп, сендіруге тырысты мамандар.

Екпені тіпті созылмалы ауруы бар, ВИЧ вирусын жұқтырғандар да салдыра алады екен. Басқа елдердің тәжірибесінде мұндай жайт тіркеліпті. 

"Вирустың симптомсыз түрімен науқастанған адамға да екпе жасауға болады. Вакцинаның жанама әрі өтпелі әсерлерін айтпағанда, денсаулығына еш әсері болмайды. Тек иммунитеті күшейе түседі.Әрі Сovid-19-ға қарсы бірде-бір екпе белсіздік, не бедеулікке душар етпейді. Ол дәлелденген", - деді ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары