14.02.2021, 03:06

Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды

Фото: ашық дереккөзі
Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы-Көкпек-Көктал» жолында «Ауди» мен «Лексус» көліктері соқтығысып, екі адам қаза тапты. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.

Қазір осы факт бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.