$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысы «қызыл» аймақтан шықты

Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан "жасыл" аймақта тұр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Денсаулық сақтау министрлігі 13 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

14 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның бір облысы ғана "қызыл" аймақта қалған.

Ол - Павлодар облысы. 13 ақпанға дейін "қызыл" аймақта болған Ақмола облысы "сары" аймаққа өтті.

"Сары" аймақта Ақмола облысымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердің бәрі "жасыл" аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан "жасыл" аймақта тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 837 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша ауру жұқтырғандардың жалпы саны 201 801-ге жетті. Ауру жұқтырғандардың дені Павлодар облысы мен Алматы қаласында тіркелген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары