$ 494.87  520.65  4.91

Илон Маск Путинді әңгімелесуге шақырды

Кейін Маск Путинге орысша жазып, "сөйлесу үлкен мәртебе" болатынын мәлімдеді.
Фото: gazeta.ru
Фото: gazeta.ru

Америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск Ресей президенті Владимир Путиннің Twitter-дегі парақшасындағы ресми аккаунтына екі тілде жүгініп, оны Clubhouse әлеуметтік желісінде сөйлесуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Менімен Clubhouse-та әңгімелесуге қалай қарайсыз?", - деп жазды Маск Twitter-парақшасында, бұл жазбасында ол Ресей басшысының ағылшын тіліндегі аккаунтын (@KremlinRussia_E) белгіледі.

Кейін Маск Путинге орысша жазып, "сөйлесу үлкен мәртебе" болатынын мәлімдеді.

Clubhouse - тек аудио-хабарламаға арналған қосымша. Әлеуметтік желіде "бөлмелер" мен "кабинеттер" бар, қолданушылар онда әр түрлі тақырыпты талқылай алады, ал тыңдаушылар әртүрлі әңгімеге "кіріп", "шыға" алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары