15.02.2021, 15:40

Елімізде 2021 жылдың алғашқы айында қанша көлік сатып алынды?

Фото: ашық дереккөз
Ресми делдалдар 8 136 автомобиль сатқан.

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағында 2021 жылдың бірінші айында республика тұрғындары қанша жаңа жеңіл көлік сатып алғаны туралы айтып берді.

Ресми делдалдар 8 136 автомобиль сатқан. Бұл 2020 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен бір жарым есе (56,7%) көп. Жалпы қазақстандықтар жаңа жеңіл көлік үшін 80,5 миллиард теңге жұмсаған. Бұл сома өткен жылғыдан 68,4%-ке артық.

"Қаңтарда автомобильдер сатылымы айтарлықтай өсіп, 8 136 бірлікке жеткен. Бұл нарықтағы сұраныстың нақты сипаты емес. Қазіргі көрсеткіштің негізі – өткен жылдағы төмен базаның әсері және құны 10 миллион теңгеден басталатын бизнес-класс үлгілері бойынша кредиттік ұсыныстардың әрекеті", – деп атап өтті одақтың стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян.

Сарапшы "халықтық" сегмент бойынша сұраныс тапшылығы әлі айқын байқалып тұрғанын айтты.

Барлық сатып алушының үштен екісі (68,3%, немесе 5 229 адам) қазақстандық өндіріс автомобильдерін сатып алған. Жаңа көліктің небәрі 2 908 бірлігі импорттық тауар болған.

Қазақстандықтар арасында аса үлкен сұранысқа ие жеңіл көлік саласындағы бес бренд – Hyundai, Chevrolet, Toyota, Lada және KIA.

 

Тегтер: автокөлік