Әлеуметтік желіде кеудесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін салдырып алған бойжеткеннің суреті пайда болды деп жазады Skifnews.kz ақпарттық порталы.
«Қазақстанның тұңғыш президенті қазақстандық арудың тату салуына себепші болды.
Қазнетте «менің біріншім және жалғызым» деген жазумен Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген тату суреті жарияланды.
Дәл осылай сезім білдіруге қалай қарайсыздар?» деп жазылған суреттің тұсында.
Әзірге бойжеткеннің кім екені және татуды не үшін салдырғаны белгісіз.