15.02.2021, 22:43

Еліміздің 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөз
Қызылорда және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қызылорда және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының жекелеген жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Тегтер: ауа райы