Қазақстандықтар танымалдыққа жылдам ие болған Clubhouse жаңа әлеуметтік желісіне шақырту сата бастады. Бір шақырту бағасы 25 мың теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстандықтар әлемдік жұлдыздармен сөйлесуге мүмкіндік беретін жаңа Clubhouse жабық әлеуметтік желісіне шақырту сататынын жазып жатыр. Хабарландырулар OLX жарнама сайтында пайда болды. Бір шақырту бағасы 1000 теңгеден 25 000 теңгеге дейін.
Қосымшаға бірден кіру мүмкін емес. Clubhouse-қа тіркелгеннен кейін сіз әлеуметтік желінің басқа мүшесінен шақырту алуыңыз қажет. Шақыртуды алғаннан кейін Clubhouse пайдаланушысы бағдарламаға тағы екі адамды шақыруға мүмкіндік алады. Бағдарлама сипаттамасында әлеуметтік желі әлі де даму сатысында екені және жаппай жаңа пайдаланушыларды қабылдауға дайын еместігі жазылған.
Айта кетейік, Google-дың бұрынғы қызметкерлері жасаған жаңа Clubhouse әлеуметтік желісі жылдам танымалдыққа ие болып келеді. Әлеуметтік желі App Store-дан жүктелген қосымшалар арасында бірінші орынға ие болды. Clubhouse - тек аудио хабарламаларға арналған әлеуметтік қосымша. Бағдарламада танымал спикерлерге тікелей сұрақ қою мүмкіндігі бар. Сонысымен тыңдаушылар қызығушылығын тударады. Әзірге бағдарлама тек iPhone пайдаланушыларына қол жетімді.
АҚШ-та да әлеуметтік желіге шақыртулар сатылып жатыр. Бағасы 20 доллардан 800 долларға дейін.