$ 498.34  519.72  4.85

«Сарыағаш-Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызында сәби дүниеге келді (ВИДЕО)

14 ақпанда пойыз жолаушысы Анастасия Гранкина «Тараз – Павлодар» бағыты бойынша жолға шыққан.

«Сарыағаш-Нұр-Сұлтан» бағытындағы №85 пойызында жолаушылардың бірі босанып, қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.

14 ақпанда пойыз жолаушысы Анастасия Гранкина «Тараз – Павлодар» бағыты бойынша жолға шыққан. Жол бойында Киік-Босаға учаскесінде жолаушы №11 вагонның жолсерігі Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрап, жүктіліктің тоғызыншы айында екеніндігін және толғағы басталғанын хабарлаған.

«Пойыз бригадасының қызметкерлері толғағы келген әйелге алғашқы көмек көрсету бойынша барлық қажетті шара қабылдап, жақын стансаға жедел жәрдем шақырды. Медицина қызметкерлері келгенге дейін пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб вагонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті», - делінген ақпаратта.

Сағат 14:53-те Ақадыр стансасына жақындаған шақта дүние келген нәрестеге Әмина деп ат қойды.

«Пойыз Ақадыр стансасына келгеннен кейін жедел жәрдем қызметкерлері жаңа туған нәрестені және баланың анасын қарап шықты. Баланың жағдайы қанағаттанарлық болды, анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты және олар соңғы стансаға дейін жол жүріп кетті», - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары