Жаңалықтар 16.02.2021 сағат 16:20

Дархан Қалетаевтың кеңесшісі Киевте адам қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Қоғам белсенділері Украинаның құзырлы органдарынан кінәліні жауапқа тартуды талап етіп, хат жолдаған.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақтың дипломаттары өзге жұртты таң-тамаша етуін тоқтатар емес. Бұл жолы Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаевтың кеңесшісі Думан Қызырдың "өнерін" көрдік, деп жазды nege.kz.

Ол Киевтің қақ ортасында елшілік көлігімен жол ережесін өрескел бұзғанымен қоймай, бір топ адамды қаға жаздап қашқан. Қазақстандық дипломаттың бұл "өнерін" "Зупини лося" ("Бұланды тоқтат") қоғамдық қозғалысының белсенділері таспаға басып алыпты.

Белсенділер жазып алған видеода Қазақстан елшілігіне тиесілі дипломатиялық нөмірлі көлікпен ереже бұзған "бұланның" бет-бейнесі анық көрінеді. Қоғам белсенділері Украинаның құзырлы органдарынан кінәліні жауапқа тартуды талап етіп, хат жолдаған. Сайт тілшілері де өз тарапынан Сыртқы істер министрлігіне және Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаевқа ресми сауал жіберіпті.

Жол ережесін бұзған "бұландарды" әшкерелейтін "Зупини лося" қоғамдық қозғалысының өкілдері 2019 жылы Украинаның Қауіпсіздік қызметі басшысы болуға үміткер Андрей Кмитаны жол ережесін бұзған жерінен ұстап алып, дандайсыған шендіні масқара еткен.

"Қадалған жерден қан алмай қоймайтын белсенділердің нысанасына бұл жолы біздің «бұлан» ілігіп қалыпты. Қалетаев "бұландарына" неге ие бола алмай жүр екен, ә? Біз оны елшінің өзінен сұрап білуге тырысамыз" деп жазды сайт тілшісі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар