Мемлекет басшысы белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың танымал журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен жақын туыстарына жолдаған көңіл айту жеделхаты мәтінін Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.
"Нұртілеу Иманғалиұлы телевизия саласында өзінің қолтаңбасын қалдырды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани-мәдени байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – деп жазылған жеделхатта.