$ 494.87  520.65  4.91

Тағы да он университеттің есігіне қара құлып салынуы мүмкін

Бұл университеттер Білім және ғылым министрлігінің әрекеттеріне кедергі келтірген.
фото: swiu.kz
фото: swiu.kz

Білім және ғылым вице-министрі орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте Қазақстандағы тағы бірнеше университетті жабу жоспарын жария етті, деп хабарлады paryz.kz.

Еске сала кетсек, таяда ғана Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда тағы 10 жоғары оқу орны жабылатынын мәлімдеген еді. Осыған байланысты, журналистер ведомство басшысының орынбасарынан олардың қай университеттер екенін сұрады.

"Қазіргі уақытта бізбен соттасып жатқан университеттер бар. Оларды жарнамаламау үшін аттарын атамаймын. Себебі студенттер осы университеттерде әлі оқиды. Бірақ көпшілігі жағдайды білгендіктен, басқа оқу орындарына ауысуда", - деді Мирас Дәуленов.

Министр орынбасарының сөзінше, бұл университеттер Білім және ғылым министрлігінің әрекеттеріне кедергі келтірген.

"Жай ғана бізді университетті тексеру үшін ғимаратқа кіргізбеді. Егер бұл мықты университет болса және сапалы білім берсе, онда не үшін қорқуы керек? Кейбір университеттер министрліктің кез келген әрекетіне шағымданады және осылайша процедураны кешіктіреді", - деп сөзін жалғастырды Дәуленов.

Ол Білім және ғылым министрлігі тексеретін көптеген университет тәуекелдерді бағалау жүйесінде екенін, оны университеттер өздері толтыратынын атап өтті. Оған қоса, университет лицензиясынан қандай жағдайда айырылмайтынын түсіндірді.

"Біз үшін ең бастысы – материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, белгілі бір мамандық студенттеріне сабақ беретін оқытушылар құрамының болуы, студенттердің оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуы. Мықты жоғары оқу орындарын ешкім жаппайды. Бұл университеттер түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызымен ерекшеленеді. Бұл университеттерді жұмыс берушілер сертификаттайды және жұмыс беруші мұнда оқуған студенттерді оқу бітіргеннен кейінгі бірінші айда жұмысқа алады", - деді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#лицензия #ЖОО