Жаңалықтар 19.02.2021 сағат 13:00

Нұр-Сұлтанда кранмен үй төбесіне шыққан сиыр британиялық БАҚ-тың назарына ілікті (ФОТО)

Шетел басылымы бұл жағдай оларға Бораттың фильміндегі көріністерді еске салғанын жазған.
Нұр-Сұлтанда кранмен үй төбесіне шыққан сиыр британиялық БАҚ-тың назарына ілікті (ФОТО)
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңдарының бірінде кранның көмегімен сиырды көтеріп жатқан сәттің видеосы британиялық Daily Mail басылымының назарына ілікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, сиырды елорда тұрғындары құрбандық шалу рәсімін өткізу үшін жоғары көтерген екен. Шетел басылымы бұл жағдай оларға Бораттың фильміндегі көріністерді еске салғанын жазған. Малды осылайша құрбандыққа шалу идеясы бригадир Олжас Есеналинге тиесілі болып шықты. Ол бірқатар кадрлық қиындықтарға тап болғасын осындай әрекетке барыпты.

"Бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайлары нақтыланғаннан кейін, оларға заңды баға беріледі. Тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылады", - деген еді сол кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Куәгерлер түсірген видеода ірі қараның соңғы минуттары көрсетілген. Байланған сиыр оны құрбандық шалатын жерге кранмен көтеріп жатқан сәтінде босап шығуға тырысып жатқанын видеодан байқауға болады. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар