$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде «қызыл» аймақта ешбір өңір қалған жоқ

Бірнеше күннен бері «қызыл» аймақта болған Павлодар облысы енді «сары» аймаққа ауысты.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде ВАК-тың ресми Telagram арнасында 20 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, енді республика аумағында "қызыл" аймақта ешбір облыс қалған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

20 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның ешбір облысы «қызыл» аймақта жоқ. Бірнеше күннен бері «қызыл» аймақта болған Павлодар облысы енді «сары» аймаққа ауысты.

«Сары» аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин