20.02.2021, 17:52

Тоқаев 5 баланың қазасын еліміздің басына түскен трагедия деп атады

Фото: akorda.kz
Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды.

Президент Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды. 

"Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына жұбату лебізін білдірді.

Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді", - деп жазды Берік Уәли.І