21.02.2021, 11:25

Министрлік мобильді қосымшалар арқылы ақша аударуға қатысты түсініктеме берді

Фото: ашық дереккөз
Ведомство өкілдері банктердің жеке онлайн аударым сервисін қызмет көрсететін кәсіпкерлер де пайдаланатындығын атап өткен.

Ақша аударымдарының фискализациясына қатысты қаржы министрлігінің түсініктемесінде бұл тек – бизнес жүргізетіндерге ғана қатысты екендігі айтылған.

"Қолданыстағы мобильді банктік қосымшалар қолма-қол ақшадан "қолма-қол емес" режимге өтуге серпін берді. Жеке тұлғалардың мұндай аударымдары әкімшілік жауапкершілікке жатпайды және салық салынбайды", – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство өкілдері банктердің жеке онлайн аударым сервисін қызмет көрсететін кәсіпкерлер де пайдаланатындығын атап өткен.

Табысқа салық салу ережесі – тап осы кәсіпкерлерге қатысты барлық мәліметтер қорытынды есеп беруде көрініс табатын болады.

"Шағын бизнес 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған. Бүгінгі таңда қабылданған шешімдердің бірі – сатылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін түсетін төлемдерді кәсіпкерлік қызметке арналған жеке шотта жүргізу болып табылады", – делінген хабарламада.

Министрлік сонымен қатар коммерциялық операцияларды дәл анықтай алатын тәуекелдерді басқару жүйесін дамытуды ұсынады.