Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы қазақстандық Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді, деп хабарлайды Stan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Жеңіл салмақтағы кездесу Майамидегі бокс кеші аясында өтті және жоспарланған барлық алты раундқа созылды. Ниязовтың жеңісі бірауыздан мақұлданды.
Бұл жеңіс оның 14-інші және 2017 жылдан кейінгі алғашқы жеңісі болды.
Боксшы алдыңғы жекпе-жегінде жеңіліп, кейін рингке орала алмады. Алдымен омыртқааралық дискілер салдарынан, содан кейін пандемия салдарынан боксшының шаршалаңға шығуға мүмкіндігі болмаған.
Еске салайық, Ниязов Шымкентте дүниеге келген, бірақ ол бала кезінде АҚШ-қа отбасымен көшіп кеткен.
Осыған дейін Нью-Йорктегі қазақ полицей бокс рингіне қайта оралатынын мәлімдеген болатын.