$ 444.32  473.33  4.76

БҚО полицейлері «Lexus 570» автокөлігін жаяу қуды (ВИДЕО)

Кадрдан Lexus жолдан шығып кеткенін, оған полиция жақындағанын көруге болады.

21 ақпанда Орал-Атырау тас жолында Lexus автокөлігінің жүргізушісі полицейлердің тоқтау туралы талабын елемей, жылдамдықты одан әрі арттырып, қашып кетуге тырысқан. Ал полицейлер оның соңынан жаяу қуа жөнелген, деп хабарлайды Stan.kz "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрдан Lexus жолдан шығып кеткенін, оған полиция жақындағанын көруге болады.

"Үлкен Шаған кентінің маңындағы Орал-Атырау тас жолында көліктің жолын бөгеді, ол жол жиегіне шығып, қар құрсауында қалып қойды. Кейін жол талғамайтын көлік жүргізушісі тиісті құжаттарсыз 25 қап балық тасымалдағаны белгілі болды", - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков

Lexus жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы - "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" және ҚР ӘҚБтК-нің 619 бабы - "Ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің талаптарын орындамау" баптары бойынша хаттамалар толтырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары