$ 494.87  520.65  4.91

Елордада карантин талаптары қандай жағдайда жеңілдетіледі?

Сондай-ақ, оның айтуынша, бір оқушы коронавирус жұқтырса, мектепті толық жаппау мәселесі қарастырылып жатыр.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада қандай жағдайда карантин жеңілдейтінін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Нұр-Сұлтан 30 қаңтардан бастап "сары" аймақта. 8-10 ақпан аралығында үш күн "қызыл" аймақта болдық. Бірақ кейін біз тағы "сарыға" өтіп, қазір "сары" аймақта тұрақты тұрмыз. Осыған байланысты бекітілген талаптарға қарай шектеу шараларының белгілі бір бөлігін жеңілдету туралы мәселе қарастырылып жатыр. Бұл мәселе де мақұлдануға жіберілді. Осы аптада "сары" аймақта тұрақты тұрсақ, кейбір жеңілдіктер қабылданады", - деді Бейсенова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бір оқушы коронавирус жұқтырса, мектепті толық жаппау мәселесі қарастырылып жатыр. Қазір коронавирус жұқтырған адам анықталған жағдайда мектеп 14 күнге карантинге жабылады. 

"Бүгінгі таңда оқушылар арасында вирус жұқтырғандардың басым бөлігі қашықтан оқиды. Біз эпидемиологиялық жағдайды қадағалап отырмыз. Қазір бүкіл мектепті карантинге жаппау мәселесі талқыланып жатыр. Эпидемиологиялық жағдай жақсарса, мысалы, сыныпты, бір қабатты немесе бірнеше сыныпты карантинге жабу мәселесі нақты шешіледі", - деп қосты ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин