$ 439.43  473.31  4.82

Алматыда таудан ағашқа асылған әйелдің мәйіті табылды

Алматылық ПД ақпаратты тексеріп жатқанын жеткізді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бүгін таңертең Алматыда таудан қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Қыздың мәйіті табылғаны туралы ақпарат Qumash телеграм каналында жарияланды.

"Бүгін таңертең Алматы тауынан қыздың денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол ағашқа асылып қалған. Өлі денені біздің оқырман таңертеңгі жүгіру кезінде байқап қалған. Куәгер "102" қызметіне хабарласып, оқиға орнында полиция және медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - делінген желідегі жазбада. 

Алматылық ПД ақпаратты тексеріп жатқанын жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары