$ 444.32  473.33  4.76

Ресейде газ құбыры жарылып, Қазақстан көгілдір отынсыз қалды

«Алексеевка» газ өлшеуіш стансасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына газ транзиті тоқтатылды.

Орынбор-Новопсков газ құбырында қысымның төмендеуіне байланысты Қазақстан аумағына газ беру тоқтатылды, деп хабарлайды Ресейдің Энергетика министрлігі.

nege.kz порталының жазуынша, «23 ақпан сағат 07:37-де Орынбор-Новопсков құбырында («Газпром трансгаз Екатеринбург» ЖШС) қысымның төмендеуі тіркелді. Сағат 07:57- де құбырдың 51-123 шақырымында газ беру тоқтатылды. Кейін қысым «Союз» құбырында да төмендей бастады. 08:49-да аталған құбырдың басынан 123 шақырымына дейін газ беру шектелді. «Алексеевка» газ өлшеуіш стансасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына газ транзиті тоқтатылды», – деп жазылған хабарламада.

Ресей Энергетика министрлігінің мәліметінше, қысым «Союз» құбырының 108 шақырымының жарылып, кейін газдың жануы салдарынан төмендеген. Бұған дейін РФ Орынбор облысы губернаторының баспасөз қызметі құбыр жарылған аумақ халық көп шоғырланған елдімекеннен алыста орналасқан, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары