$ 494.87  520.65  4.91

Басшылыққа шағымданған Маңғыстау-Ақтөбе пойызының жолсеріктері жұмыссыз қалуы мүмкін

Жолсеріктердің айтуынша, пойыз вагондарының тозығы жеткені соншалық, техникалық жабдықтардың жартысы жұмыс істемейді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау-Ақтөбе пойызының жолсеріктері жұмыс жағдайына шағымданды. Артынша басшылық оларды жаппай жұмыстан шығаратынын айтып қорқыта бастады, деп хабарлады Atameken Business.

Жолсеріктердің айтуынша, пойыз вагондарының тозығы жеткені соншалық, техникалық жабдықтардың жартысы жұмыс істемейді. Пойыздарда жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Сонымен қатар, жұмысшылар вагондарды жылыту үшін сапасыз көмір пайдалануға мәжбүр екен.

Қызметкерлерге артық жұмыс уақытын есепке алудың жаңа жүйесі көрсетілген хабарлама келген. Жұмысшылардың айтуынша, мұның бәрі қызметкерлер "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамынан мердігер ұйымға ауысқан сәттен басталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары