$ 439.43  473.31  4.82

Президент: Қашықтан білім беруді тоқтатпау керек

Ол бұл қадам оқушылардың арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға айтарлықтай ықпал еткенін айтты.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қашықтан білім беруді тоқтатпау керектігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Барлық азаматқа бірдей мүмкіндік беру тұтас қоғам дамуының кепілі. Бұл ұстаным әсіресе білім саласы үшін өте маңызды. Шын мәнінде білім беру мәселелері әрқайсымызды толғандырады. Соңғы жылдары білім беру жүйесін дамытудың басты бағыттары мен жолдарын айқындадық. Енді нақты шешімдер қабылдау керек. Жалпы білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияның рөлі ерекше. Бұл індет кезінде анық байқалды. Мобильді операторлардың «Білім» тарифі карантин уақытында қашықтан оқытуға кеңінен жол ашты. Соның арқасында Қазақстанның 600 білім беру ресурсын шектеусіз пайдалануға мүмкіндік туды", - дейді Тоқаев.

Ол бұл қадам оқушылардың арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға айтарлықтай ықпал еткенін айтты.

"Қашықтан білім беруді дамытудың осы әдісін тоқтатпай жалғастыра беру қажет деп санаймын. Сондай-ақ интернет тарифтері аясында отандық білім беру ресурстарын мектептерде тегін ұсыну керек. Үкіметке бұл шешімдерді жан-жақты пысықтауды тапсырамын. Тағы бір маңызды міндет - педагогика және медицина мамандарын даярлау. Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам өз жемісін берді. Сондықтан медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет", - деді Президент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары