Жаңалықтар 26.02.2021 сағат 18:20

Бекшин Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Бекшин Алматыда коронавирус жағдайы әлі де жақсармағанын баса айтты.
Бекшин Алматы тұрғындарына үндеу жасады
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі.

Бекшин үндеуінде алматылықтардан қаладағы коронавирус жағдайын нашарлатпау үшін карантин шараларын сақтауды сұрады.

Бекшин Алматыда коронавирус жағдайы әлі де жақсармағанын баса айтты. 2021 жылдың басынан бері мегаполисте 6252 адам коронавирус жұқтырған, ал 25 ақпанда 110 адамнан COVID-19 табылған.

"Алматыда R коэффициенті (вирус жұқтыру репрезентаты) - 1, ал соңғы 7 күнде вирус жұқтыру көрсеткіші - 100 мың тұрғынға шаққанда 38 жағдай, бұл эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "жасыл" аймағына сәйкес, "сары" аймаққа жақын", - деді Бекшин.

Алматы бас санитар дәрігері алматылықтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды елемей, адамдар көп шоғырланған жерлерге барса, бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін екенін айтты.

"Мысалы, соңғы күндері "Шымбұлақ" пен "Медеудегі" тұрғындар тобын көптеп кездестіруге болады. Алматылықтар мұның саябақтарға, алаңдарға, сауда және ойын-сауық орталықтарына баруға да қатысты екенін ескеруі керек, әсіресе демалыс және мереке күндері. Себебі мұндай жерлерде инфекцияның симптомсыз формалары бар науқастар болуы мүмкін.

Алматыда коронавирус жұқтыру дерегінің 43 пайыздан астамы қоғамдық орындарда болған. Көктемгі мерекелерді атап өту вирустың жаппай таралуымен аяқталмауы керек", - деді ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар