28.02.2021, 14:50

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа кірді

Фото: ашық дереккөзі
«Сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.

28 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа еніп отыр.

«Сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.

Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.