$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарлық әйел күйеуін бұзақылардан қорғап қалды

Куәгерлердің сөздерінше, екі жігіт келе жатқан ер адамды құлатып, соққының астына ала бастаған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Павлодар облысының тұрғыны күйеуін бұзақылардан қорғап қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде таралған видеоға екі баласы және әйелімен келе жатқан ер азаматқа әлдекімдердің жабылып кеткені байқалады. Куәгерлердің сөздерінше, екі жігіт келе жатқан ер адамды құлатып, соққының астына ала бастаған. Бұған шыдамаған батыл әйел күйеуіне араша түсіп, бір бұзақыны шашынан сүйреп, екіншісін итеріп жібергені көрінеді. 

Қазіргі таңда бейнежазба тексерілуде. 

"Қазіргі таңда видеодағы азаматтардың тұлғасы анықталып, Ақсу қаласының полицей бөліміне жеткізілді. Тексеріс нәтижелеріне сәйкес, бір шара қолданылады", - деді өңірлік ПД өкілдері. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары