01.03.2021, 11:20

Нұр-Сұлтан қайтадан «қызыл» аймақтан шықты

Фото: ашық дереккөзі
Өзге өңірлердің барлығы «жасыл аймақта».

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сары аймақта» - Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.

Өзге өңірлердің барлығы «жасыл аймақта».