$ 448.15  483.46  4.86

Жартылай жалаңаш көлік басқарған жүргізуші адам қағып кетті

Апат салдарынан 1983 жылы туған әйел бас-ми жарақатын алып, аяғы сынған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Астраханда жартылай жалаңаш күйде шетелдік көлік тізгіндеген жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Аймақтық құқық қорғау органының өкілдері ұсынған дерекке сүйенсек, оқиға жексенбі күні таңертең Адмиралтейская көшесінде болған.

"Hyundai Solaris көлігі жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен екі адамның өтіп кетуін күтіп тоқтағанда, оның артқы сол жақ тұсынан жоғары жылдамдықпен Toyota Camry көлігі соғады. Соққының күштілігінен сырғыған Camry жаяу жүргіншілерді баудай түсіріп, бағанаға тірелген", – делінген ақпаратта.

Апат салдарынан 1983 жылы туған әйел бас-ми жарақатын алып, аяғы сынған. Ал оның 1977 жылы туған күйеуі басынан жарақат алады, оның жамбас сүйегі сынған. 

Жол апатына кінәлі көліктің жүргізушісі айтарлықтай жарақат алмаған. Дереккөздің хабарлауынша, оның бойынан мас күйге тән белгілері байқалған. Ол медициналық тексерістен өтуден бас тартқан.

"Ол жартылай жалаңаш болды және оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті", – делінген хабарламада.

Ал кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жол апатын жасаған жүргізуші жергілікті депутаттың ұлы, ал жарақат алғандар әскери прокурор мен оның әйелі болуы мүмкін деген ақпарат таратты.

Кейіннен БАҚ өкілдеріне облыс губернаторының баспасөз қызметі жаяу жүргіншілерді қаққан көлік жүргізушісінің әкесі Астрахан облыстық думасының бұрынғы депутаты болғанын растады.

"Жол апатына кінәлі адамның әкесі бесінші шақырылым депутаты болған. Алайда, ол қазіргі уақытта дума депутаты емес", – делінген баспасөз хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары