01.03.2021, 18:20

Жаңаөзен қаласында екі адам газдан уланып қалды

Фото: ашық дереккөз
ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша қайғылы жағдайға жылыту пешін пайдалану ережесін сақтамау себеп болған.

Бүгін Жаңаөзен қаласында екі адам газдан уланып қайтыс болды.

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекшіге сағат 09:00-де қоңырау түскен.

«Жаңаөзенде жеке тұрғын үйде улы газбен уланудан оқиға орнында 1965 жылғы ер адам мен 1969 жылғы әйел адам қайтыс болды», - делінген хабарламада.

ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша қайғылы жағдайға жылыту пешін пайдалану ережесін сақтамау себеп болған.

Тегтер: адам өлімі газ