$ 448.89  477.93  4.76

Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне ақпараттық шабуыл жасағандарға ескерту жасады

Мұхамедиұлының нақты не бүлдіргені немесе кімнің жолын кесіп кеткені белгісіз.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Достар, мұнда бір видео белсенді түрде таратылуда, маған оны бүгін 10 мәрте жіберді. Ауызына май, дегендей, деп жазды желіде "Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі" РМҚК директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Шамасы, жала жабу мен арандатулар әлі көп болатын сияқты: кезекті ақпараттық шабуыл қарқын алуда. Әдеттегідей, анонимді, жалған... Әр кезде ұмытпайтындарыңызға рақмет. Ал барлық достарымды Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бірге болғандарыңыз үшін рақмет айтам, делінген жазбада.

Әлгі видео What's App арқылы таралып жатқан көрінеді. Онда "Мұхамедиұлының туыстарының атына жазылған" деген жылжымайтын мүліктер түгенделеді.

Коммент жазған біреудің пайымдауынша, бұл видеоның "элитатанушы" блогер Ербол Еділовтың телеграм-каналында көрсетілгені көп жайды аңғартады.

Мұхамедиұлының нақты не бүлдіргені немесе кімнің жолын кесіп кеткені белгісіз, бірақ осы шабуыл арқылы оған егер келісімге келмесе, ертең сотта қандай перспектива күтіп тұрғаны ескертілді, депті ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары