Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.
Көрші мемлекет басшысын ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қарсы алды.
Бұл - көрші ел басшысының президент болғалы Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапары. Бұған дейін Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Ресейге барған болатын. Ол кезде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылаған еді.