02.03.2021, 11:20

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға келді (ФОТО)

Фото: zakon.kz
Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келді.

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

Көрші мемлекет басшысын ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қарсы алды.

Бұл - көрші ел басшысының президент болғалы Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапары. Бұған дейін Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Ресейге барған болатын. Ол кезде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылаған еді.