Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазтелерадио» АҚ дерегіне сілтеме жасап.
2021 жылдың 10 наурыз айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарда хабар тарату сигналы уақытша өшіріледі.
«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшінқажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.