$ 494.87  520.65  4.91

Сенаторлар Көші-қон жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылады

ҰҚШҰ ПА аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму ағымын талқылау күн тәртібіндегі маңызды мәселе болды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Сенат депутаттары Әли Бектаев пен Қанатбек Сафинов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Парламент өкілдері ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Көші-қон мәселелері туралы ұлттық заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар жобасын сарапшылармен бірге талқылады.

Сенатор Андрей Лукин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына  қатысты. Кездесуде осы жылдың қаңтарында Қазақстанда өткен сайлау кезінде ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобы жұмысының қорытындылары шығарылды. Сонымен қатар, тұрақты комиссия мүшелері Тәжікстан Республикасының 2021 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуіндегі басым бағыттарын талқылады.

ҰҚШҰ ПА аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму ағымын талқылау күн тәртібіндегі маңызды мәселе болды.

Депутаттар Талғат Мұсабаев пен Нұржан Нұрсипатов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамында сарапшылармен бірге бірқатар заң жобаларының үлгісін талқылады. Қатысушылар сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы өткен жылғы желтоқсандағы сессиясының қорытындыларын және ұжымдық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шаралары туралы хабардар етілді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары