Жаңалықтар 04.03.2021 сағат 09:40

Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі қай мемлекетте тұрғысы келеді?

Рейтингті Канада бастап тұр.
Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі қай мемлекетте тұрғысы келеді?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

BCG пен The Network адамдар, негізінен, қандай мемлекетке көшкісі келетінін зерттеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Коронавирусқа шалдыққандар саны аз әрі пандемияға байланысты тиімді шараларды қолға алған елдерге  қызығушылық жоғары екені анықталды.

Рейтингті Канада бастап тұр.

"Канада АҚШ-ты артта қалдырып, еңбек мигранттары үшін ең тартымды ел болды. Жаңа зерттеу қорытындысына сәйкес, пандемия адамдардың шетелдегі жұмысқа деген көзқарасын өзгерткен. Олардың жұмыс істеу үшін көшуге деген ынтасы біршама азайды. Адамдар коронавируспен күресте тиімді шараларды қолға алған елдерге қызығушылық таныта бастады", - деді зерттеу авторлары.

Алғашқы ондыққа Австралия, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Швейцария, Сингапур, Франция, Жаңа Зеландия да еніп отыр.

Италия мен Испания бұл тізімнен шығып қалды. Өзге дамыған еуропалық елдер де "ковидке дейінгі" көрсеткішін жоғалтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар